Футболдан ел біріншілігінде әрбір тур белгілі ардагерлерге арналады

Футболдан ел біріншілігінде әрбір тур белгілі ардагерлерге арналады
сурет: 24.kz

Футбол лигасы 

Футболдан Қазақстан біріншілігінің алдағы әрбір туры еліміздің белгілі футболшыларының құрметіне арналады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Бұл жөнінде Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының президенті Рохус Шох мәлім етті.
Оның айтуынша, қазір еліміздің жас жанкүйерлері кезінде жасыл алаңда жарқылдап көзге түскен көптеген ардагер футболшыларды біле бермейді. Атап айтқанда, Анатолий Ионкин, Сейілді Байшақов, Евстафий Пехлеваниди, Құралбек Ордабаев, Виктор Абгольц сынды футболшылар жоғары деңгейде ойын көрсетті. Енді оларды жастардың арасында дәріптеуіміз қажет.
Алдағы 17-тур Фанас Салимовты еске алуға арналады.
Сәлімов КСРО біріншілігінде алматылық «Қайрат» сапында өнер көрсетіп, аса кеңінен танымал болды. Одақ ыдырағаннан кейін ол Украина чемпионатына ауысып, бұл елдің «Ворскла», «Нива», «Элвис», «Кривбасс» және «Николаев» командаларында өнер қөрсетті. Қазақстанда «Екібастұз», «Жігер», «Жетісу», «Шахтер», «Тараз» және «Ордабасы» сынды клубтардың намысын қорғады.
Ойын мансабын аяқтағаннан кейін Фанас Нагимович төреші және инспектор ретінде футболдағы қызметін жалғастырды.
2021 жылдың 27 тамызында Салимов өмірден озды.
Алдағы 17-тур 29 және 30 тамыз күндері өткізіледі.
Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан ел біріншілігінде «Ақтөбе» көш басына шықты.