Футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалына шыққан құрамалар белгілі болды

Футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалына шыққан құрамалар белгілі болды
Сурет: Tengrinews.kz

Қатарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында 1/8 финалға жолдама алған құрамалар толықтай белгілі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін дүбірлі доданың топтық кезеңі мәресіне жетті. Нәтижесінде 1/8 финалға жеткен 16 құрама белгілі болды. Олардың қатарында Франция, Австралия, Бразилия, Португалия, Нидерланд, Испания, Сенегал, Англия, Жапония, АҚШ, Аргентина, Польша, Марокко, Хорватия, Оңтүстік Корея құрамалары бар.

Жарыстың аталған сатысында аталған құрамалар төмендігіше жұп құрады:

3 желтоқсан

Нидерланд - АҚШ

Аргентина - Австралия

4 желтоқсан

Франция - Польша

Англия - Сенегал

5 желтоқсан

Жапония - Хорватия

Бразилия - Оңтүстік Корея

6 желтоқсан

Марокко - Испания

Португалия - Швейцария

Ал 9 және 10 желтоқсанда 1/4 финал ойындары өткізілсе, 13 және 14 желтоқсанда жартылай финал болады. Ал 3-орын үшін ойын 17 желтоқсанға белгіленсе, финал 18 желтоқсанда өтеді.