Футболдан әлем чемпионаты: Камерун мен Сербия тең түсті

Футболдан әлем чемпионаты: Камерун мен Сербия тең түсті
Сурет: Ашық дереккөз

Африка құрлығының өкілдері алғашқы болып есеп ашты

Қатарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында бүгін G тобындағы екінші турда Камерун мен Сербия тең түсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Аталған топтағы бірінші ойын Камерун және Сербия арасында болды. Алғашқы турда екеуі де қарсыластарына есе жіберді. Камерун Швейцариядан 0:1, Сербия Бразилиядан 0:2 есебімен жеңілді.

Құрамалар жарысты жалғастыруды алдына мақсат етіп отыр. Сондықтан өзара кездесуде жеңіске жетуге бар күшін салатыны белгілі еді.

Төреші ысқырығы естілген сәттен ойын тартысты өрбіді. Африка құрлығының өкілдері алғашқы болып есеп ашты. Оны 29-минутта Жан-Шарль Кастеллетто өзінің еншісіне жазды. Оған Николя Н'Кулу пас шығарып берді.

Бірінші кезеңнің соңына таман сербиялық футболшылар басымдықты арттырды. Алдымен 46-минутта әріптесі Душан Тадичтің берген пасын Страхиня Павлович голға айналдырды. Осылайша ойын барысында таразы басы теңесті. Сәлден кейін сербиялық Сергей Милинкович-Савич 48-минутта өзінің құрамасын алға шығарды.

Екінші кезеңде қос құраманың да есепті өзгертетін мүмкіндігі болды. Нәтижесінде Александр Митрович 53-минутта есепті ұлғайта түсті.

Ойынның камерундық құрамадан Венсан Абубакар – 64, Эрик Шупо-Мотинг 66-минутында екі гол соғып, таразы басы тағы теңесті. Кездесу 3:3 есебімен тең аяқталды.

Айта кетсек, аталған топтағы Бразилия мен Швейцария кездесуі елорда уақытымен 22:00-де «Qazaqstan» мен «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Сондай-ақ H тобындғы Оңтүстік Корея және Гана кездесуі 19:00-де «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан, Португалия мен Уругвай кездесуі 1.00-де «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.