Футболдан әлем чемпионаты финалының бас төрешісі белгілі болды

Футболдан әлем чемпионаты финалының бас төрешісі белгілі болды
Сурет: Inform.kz

Катарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионаты финалында польшалық Шимон Марциняк бас төреші қызметін атқарады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап. 

Әлем чемпионаты финалында Аргентина және Франция құрамалары кездеседі.

Аталған ойынға Шимон Марциняк бас төреші болып бекітілді. Оған отандастары Павел Сокольницкий мен Томаш Листкевич көмекшілік жасайды.

Польшалық төреші финалда кездесетін екі құраманың да бұған дейінгі ойындарында қызмет атқарды. Ол топтық кеезңдегі екінші турда Франция мен Дания (2:1), 1/8 финалағы Аргентина мен Австралия (2:1) кездесулерінде төрешілік етті.

Финалдағы Аргентина және Франция құрамалары кездесуі 18 желтоқсанда елорда уақытымен 21.00-де «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.