Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты қай қалаларда өтеді?

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты қай қалаларда өтеді?
Сурет: 24.kz

Халықаралық футбол федерациясы 2026 жылы әлем чемпионатын қабылдайтын 16 қаланы атады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

 Матчтар мына қалаларда өтеді: Атланта, Бостон, Даллас, Хьюстон, Канзас-Сити, Лос-Анджелес, Майами, Нью-Йорк немесе Нью-Джерси, Филадельфия, Сан-Франциско мен Сиэтл (барлығы - АҚШ), Гвадалахара, Мехико және Монтеррей (барлығы - Мексика), Торонто мен Ванкувер (Канада).

2026 жылғы әлем біріншілігі алғаш рет үш елде ұйымдастырылмақ – Мексика, АҚШ және Канада. Сонымен қатар тұңғыш рет доп додасына 48 команда қатысады.