Француз киносының жұлдызы Жан-Луи Трентиньян дүниеден өтті

Француз киносының жұлдызы Жан-Луи Трентиньян дүниеден өтті
Сурет: Gazeta.ru

Француздың ең танымал және көрнекті актерлерінің бірі Жан-Луи Трентиньян 91 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы журналистерге оның жесірі хабарлады.

Трентиньян «Алтын пальма бұтағы» мен «Оскар» алған танымал фильмдерге түскен. Атап айтсақ, «Үш түс: Қызыл», «Дзета», «Конформист» және «Махаббат» сияқты кинофильмдерде ойнаған. Трентиньян 1930 жылы 11 желтоқсанда дүниеге келген.

Қатерлі дертке шалдыққан Трентиньян көпшілік алдына соңғы рет 2019 жылы Канн кинофестивалінде шыққан болатын.