Францияда індеттің жетінші толқыны басталды

Францияда індеттің жетінші толқыны басталды
сурет: Baq.kz

Төртінші екпе жасауға нұсқау берілді 

Коронавирустың Омикрон штамының тез тарауына байланысты Францияда індеттің жетінші толқыны басталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап. 
Маусым айының соңында елде ковидті жұқтырғандардың қатары күрт артқан. 29 маусымнан 5 шілдеге дейін күніне орташа есеппен 119 мың науқас анықталған. 
Бұл осыған дейінгі аптамен салыстырғанда 80 процентке көп. Үкімет індеттің таралуына тосқауыл қою мақсатында 60 жастан асқан азаматтарға төртінші екпе жасауға нұсқау берді. 
Омикрон штаммы коронавирустың өзге түрлеріне қарағанда тез жұғады. Мамандардың айтуынша, вакцина алған адамдарда ауру жеңіл өтеді.