Франция компаниялары Қазақстан экономикасына 18 млрд доллар инвестиция салған

Франция компаниялары Қазақстан экономикасына 18 млрд доллар инвестиция салған
Сурет: Dengodel.com

Франция инвесторларына Қазақстанның жаңа экономикалық саясаты таныстырылды

Бүгінде елімізде аталған мемлекет капиталының қатысуымен 170-тен аса кәсіпорын жұмыс істейді. Олар біздің экономикаға 18 млрд доллар инвестиция салған. Кездесуде шетелдік инвесторлардың капиталы мемлекет қорғауында екені айтылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Жүздесуде француз компанияларының басшылары Қазақстанда жүзеге асыруға ниетті жобалары туралы сөз қозғады. Инвесторлар жасыл сутегін өндіру мүмкіндігін қарастырып, кәсіпорындардың экологиялық стандарттарын көтеру бағытында жұмыс жүргізуді көздейді.

«Қазақстан тарапы бізді өз саясатымен таныстырып, дау туғызған мәселелер бойынша уайымымызды сейілтті. Сондықтан негізгі тақырыптан бөлек, алдағы жобаларды талқылауға көштік. Жоспарланған жобалар жөнінде сұрағымыз бар еді. Олар жүзеге асатын болды. Франция инвесторлары Қазақстанмен әріптестікті жалғастыруға ынталы», - дейді Қазақстан-Франция Іскер кеңесінің тең төрағасы Ив-Луи Даррикарер.