Forbes Қазақстан спортшыларының киімін үздік деп таңдады

Forbes Қазақстан спортшыларының киімін үздік деп таңдады
Сурет: Olympic.kz

Униформаның таныстырылымына, сондай-ақ, арнайы фотосессияға қазақстандық олимпиадашылар қатысты.
 

Танымал Forbes журналының шолушысы Стефан Рабимов анықтаған үздік униформалар рейтингінде Қазақстан командасының формасы да бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 
 
Үздік формалар тізіміне #teamKZ атлеттерінен бөлек, АҚШ, Либерия, Ресей, Чехия, Қытай, Оңтүстік Африка және Жапония командаларының формасы енген. 


Біздің команда формасын сипаттай келе, автор түстердің жақсы үйлесім тапқанына, ең бастысы – жобадағы командалық жұмыстың жоғары болғанына ерекше назар аударады. Өйткені, форманы дайындау барысына спортшылар да қатысқан болатын. 

«Қазақстан командасының отыз бес мүшесі форманы дайындау барысына тікелей араласты. Дизайнер Салтанат Баймұхамедова матаны, түсті және декоративті элементтерді таңдай кезінде командамен бірлесе жұмыс істеген. Бұл спортшылардың қолдауды сезінуіне, олимпиадаға апарар жолда шабыттануына әсер етті. Аспан түстес көк түс қазақ даласындағы шегі жоқ аспанды еске салады. Бұл ел астанасы мен Алматы қаласының сән орталығы екенін одан әрі айқындап, екі қала арасындағы мәдени бәсекелестікті де арттыра түседі. Олимпиадалық рух дұрыс насихатталса, бәрі де жеңіске жетеді», - деп жазды автор.