Флоридада шаян жеу фестивалі өтті

Флоридада шаян жеу фестивалі өтті
24.kz

АҚШ-тың Флорида штатында жыл сайын ұйымдастырылатын тас шаяндарды жеу фестивалі өтті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Дәстүрге айналған шараның ережесі бойынша, қатысушылар 25 шаянды жылдам жарып, жеу керек болды. Ойын қорытындысы бойынша 55 жастағы Майами Хуан Маллен чемпион атанды.

Жеңімпаз алға қойған мақсатын 14 минут 29 секунд ішінде тындырған. Осымен Мален қатарынан 10 жыл бойы қатысқан конкурста 3-ші мәрте жеңіске жетті.