Флорида штатында халық вакцина алу үшін ұзын-сонар кезекке тұруда

Флорида штатында халық вакцина алу үшін ұзын-сонар кезекке тұруда
Сурет: Тriplook.me

Америкада екпе салдыратындар саны артты.

АҚШ-тың Флорида штатында жұрт жаппай вакциналау орталықтарына ағылып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

Екпе бекеттерінде қазір ұзын-сонар кезек. Себебі тұрғындар вирус жұқтырып аламын ба деп қорқады. Айта кетейік, таяуда ғана дәл осы штатта инфекцияға шалдығудың рекордтық көрсеткіші тіркелген болатын.

Ал ауруханаға түскендер қатары небәрі 1 ай ішінде 10 есеге артқан. Сол кезде науқастардың 95%-ы вакцина алмаған көрінеді.