Фискалды чек - сатып алушының құқығын қорғаудың кепілі

Фискалды чек - сатып алушының құқығын қорғаудың кепілі Inform.kz

Кәсіпкерлік субъектілерінде әртүрлі қосымшалар арқылы сатып алуды жүзеге асырған кезде бақылау-касса машинасының чегін қолдану, фискалды чек беру міндетті, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитеті.



«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» заңға сәйкес, қолма-қол ақшасыз төлемдер немесе ақша аударымдары банктік шоттарды пайдалана отырып, төлем құралдарының негізінде, сондай-ақ теңгені және шетел валютасын пайдаланбастан да жүзеге асырылады. Мұндағы төлем құралы дегеніміз - төлем құжаты немесе электрондық төлем құралы, оны пайдаланып төлем немесе ақша аударымы жасалады. Сәйкесінше, банктік шоттан банктік шотқа аудару арқылы қолма-қол ақшасыз нысанда есеп айырысу жүзеге асырылған жағдайда, бақылау-касса машинасының чегін қолдану міндетті емес», - деп жазды ведомстводан.



Айта кетейік, бақылау-касса машинасының чегі - сатушы мен сатып алушы арасында ақшалай есеп айырысуды жүзеге асыру дерегін растайтын бастапқы есепке алу құжаты. Чек қағаз немесе электронды түрде беріледі. Ал фискалды чек - сапасыз тауарларды алған жағдайда сатып алушының құқығын қорғаудың, сондай-ақ төленген соманың бір бөлігі салық түрінде бюджетке түсетінінің кепілі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:13

12:47

12:40

12:31

12:19

12:10

11:47

11:30

10:57

10:06

09:34

09:07

08:48

08:01

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42