Фируза Шарипова ММА-дегі бірінші кездесуінде жеңіске жетті

Фируза Шарипова ММА-дегі бірінші кездесуінде жеңіске жетті
Сурет: 24.kz

Қазақстандық жекпе-жек шебері Фируза Шарипова аралас жекпе-жектегі алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Ол Алматыда ММА-ден Octagon 33 турниріне қатысып, ресейлік Карина Ондасыновамен (2-0) рингіге шықты. Жекпе-жек 63,5 кг салмақта өтті.

Үш раундқа жоспарланған кездесу бірінші раунда Фаризаның қылқындыру әдісін қолдануымен аяқталды. Осылайша жерлесіміз ММА-дегі алғашқы жеңісіне қол жеткізсе, ресейлік спортшы қыз алғаш рет жеңіліс тауып отыр.

Фируза Шарипова бокста да өнер көрсетіп жүр. Жеке рекорды — 14-2, 8 КО. Ол бокста жеңіл салмақта IBA және WBU нұсқалары бойынша әлем чемпионы атақтарын жеңіп алған.