Фируза Шәріпова Таразда титулдық айқас өткізеді

Фируза Шәріпова Таразда титулдық айқас өткізеді
Сурет: Ашық дереккөз

WBC Silver титулы үшін жекпе-жек

Үш салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы қазақстандық Фируза Шәріпова Малави чемпионы Рут Чисейлге қарсы WBC Silver титулы үшін жекпе-жек өткізеді. Кездесу 20 мамырда Фирузаның туған қаласы Таразда болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жеңімпаз абсолютті әлем чемпионы титулы үшін Кэти Тейлормен жұдырықтасады.

Рут Чисейл Малави чемпионы және әйел боксшылар арасында әлемдік рейтингіде көшбасшылардың бірі. 14 рет айқас өткізіп, оның 12-інде жеңіске жеткен. Ол 7 жекпе-жекті нокаутпен аяқтаған, соңғы рет 26 желтоқсанда өткен айқаста да нокаутпен жеңген.