ФИФА рейтингінде Қазақстан 7-орынға тұрақтады

ФИФА рейтингінде Қазақстан 7-орынға тұрақтады
Сурет: Prsport.net

Халықаралық футбол федерациясы 2022 жылды қорытындылап, трансфер саны бойынша жаңартылған тізімді жариялады.

Оның ішінде Қазақстан 7-ші орынға тұрақтады. Яғни, былтырдың өзінде ресейлік 62 ойышыға ел чемпионатында өнер көрсетуге мүмкіндік берілген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл әлемдік футболдағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі саналады. Топ басына Португалия мен Бразилия елдері жайғасты. Яғни, Оңтүстік Америкадан кәрі құрлыққа 338 футболшысы ауысқан. Ал, керісінше, Португалиядан Бразилияға барғандар саны 166-ға жетті. Сәйкесінше, бұл көрсеткіш жалпы тізімнің бірінші және екінші орнында тұр. Дәл осылай алдыңғы бестікке Бельгия, Франция, Испания және Хорватия мен Словения елдері арасындағы футболшылар трансфері ілікті.