Фестиваль — Әлібекке арналады

        Абай атындағы Қазақ Ұлттық академиялық опера және балет театры алдағы күндері КСРО Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Әлібек Дінішевтің мерейтойына арналған фестиваль өткізбекші.

13 мамыр сағ.19.00-де Фестиваль П.И. Чайковскийдің «Евгений Онегин» операсымен ашылады. Бұл спектакль кездейсоқ таңдалған жоқ, себебі дәл осы спектакльде Әлібек Мұсаұлы Ленскийдің партиясын орындады, ол артситің басты опералық рөлдерінің бірі екеніне дау жоқ.

Қоюшы режиссер Ирина Лычагинаның (Ресей) «Евгений Онегин» операсының жаңа қойылымы бұл өзіндік классик-модерн. Ол сахнада болып жатқан барлық сәттерде — спектакль жүріп жатқан кезде өзгеретін декорацияларда, көрерменнің әсерін және әртістердің ойынын күшейтетін бейнеграфика және проекцияның жарық шешімдерінде кездеседі. Бұл спектакльде көрермендер күткен жаңа дүние. Сахналық декорациялар Пушкин ауылының атмосферасына толық еніп, алма бағының иісін сезінуге әсер етеді. Осы тұста Александр Сергеевичтің сөздері еске түседі:

«…Өзен жақта; гүлдеп, жайнап,

Үй алдында алыс алап,

Алтын аңыз, әсем шабын,

Жатыр село; онда, мұнда,

Қаптаған мал жайылымда,

Кең саясын жайған қалың,

Күтімсіз бақ, көлеңкелі,

Ойшыл дриада ол мекені.»

14 мамыр сағ. 19.00-де Абай ат. ҚазҰАОБТ үлкен сахнасында болашақ ұрпақ үшін эталонға айналған романстар, әскери әндер мен вокалдық циклдер орындалатын «Мамыражай күндерде…» концерті өтеді. Ұлы қазақ тенорының шығармашылығына көрсетілген құрмет ретінде опера труппасының жетекші солистері концертте камералық вокалдық шығармалардың алуан түрлі жанрлық бағдарламасын ұсынады.

15 мамыр сағ. 18.00-де көрермендерге Дж. Вердидің «Травиата» операсы қойылады.

«…Еркіндік пен қамсыздық, жарықпен мәңгі жарысып, жүректің мұңын еш білмеу – тағдырдың маған бергені…» Опера қойылымы театр репертуарында оның ашылуынан бастап пайда болды, бірақ қазір көрермендерге 2016 жылы Абай ат. ҚазҰАОБТ-да жаңартылған нұсқа ұсынылады.

 «Травиата» — бұл үлкен стильдегі опера, сондықтан ондағы барлық костюмдер, декорациялар, интерьер егжей-тегжейлі және мүмкіндігінше дәл жасалған. Операда адам демалып, өзін мұражайдағыдай дерлік сезінеді: опера кешінде уақыт тоқтап, арнайы сіз үшін симфониялық оркестр әсем күйін ойнайды, сәнді декорациялар алма-кезек ауысып, керемет дауысты әншілер сіздер үшін шырқайды. Әлбетте, бұл өте қымбат сезім!» — Вячеслав Окунев, қоюшы-суретші.

16 мамыр сағ.18.00-де Фестиваль Гала-концертпен аяқталады. Кеш бағдарламасында театрдың негізгі репертуары мен мәдени мұраның алтын қоры болып табылатын опералық қойылымдардан ариялар орындалады.

«Карантиндік шаралардан кейін театрдың есігін айқара ашып, көрермендерін қайта қуантатыны және еліміздің Қазақ ұлттық театрының сахнасында менің құрметіме Фестиваль өтетіні үлкен құрмет! Әрине, әртістердің менің шығармаларымнан тұратын мерекелік концерт дайындап жатқаны қуантады. Мен көптеген жылдар бойы шығармашылық өмірімді сүйікті театрыма арнадым, бұл онымен байланысты ең жақсы естеліктер. Әлі күнге дейін сахна сыртының иісі жадымда, оны жақсы көремін және Ермек Серкебаевпен бірге орындаған партияларымды, опера сөздерін ешқашан ұмытпаймын. Менің анам соғыс жылдарында театр сахнасында ән айтты, ағаларым да осы ғимаратта өсті, нағашыларым көрнекті әншілер Ришат пен Муслим Абдуллиндер опера өнерінің дамуына баға жетпес үлес қосты, сондықтан ГАТОБ әрқашан менің жанымның мұнарасы болып қала береді, бұл альма-матер! Аталмыш Фестиваль оны жыл сайын өткізу туралы ойға итермеледі, өйткені көктемгі мамыр мезгілі бұл біздің қаламыздағы жылдың ең әсем мезгілі, айнала гүлденіп, табиғат қайта туады. Биылғы Фестиваль еліміздің театр өмірінің лайықты бастауы және игі дәстүріне айналсын!

Барлық шығармашылық ұжымға табыс, көрермен толы зал және жаңа белестерді бағындыруға тілектеспін. ГАТОБ әлемдегі ең үздік театрлардың қатарында болсын!» — Әлібек Дінішев.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *