ФБР директоры Қытайдың Батыс экономикасына қауіп төніп тұрғанын ескертті

ФБР директоры Қытайдың Батыс экономикасына қауіп төніп тұрғанын ескертті Сурет: Tass.ru

Осы қауіпке назар аударуға шақырды.


Қытайдан Батысқа төнетін қауіп барған сайын ашық әрі жойқын сипатқа ие болып отыр, деп хабарлады ФБР директоры Кристофер Рэй. Ол Пекин америкалық идеялар мен инновацияларды ұрлады, ауқымды хакерлік шабуылдар жасады дегенді атты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Interfax.ru cілтеме жасап.


Рейган президенттік кітапханасында сөйлеген сөзінде Рэй ФБР Қытай Үкіметінің АҚШ-тан ақпарат немесе технологияны ұрлау әрекетінің 2000-нан астам жағдайын тергеп жатқанын айтты.



«Бүгінгі таңда біздің идеяларымызға, инновацияларымызға және экономикалық қауіпсіздігімізге Қытайдан өзге қауіп төндіретін мемлекет  жоқ», - деген Кристофер Рэй.



Оның айтуынша, ФБР «Қытай барлау операцияларына қарсы тұру үшін 12 сағат сайын жаңа істер ашады» соған қарамастан «Қытай үкіметінің хакерлері барлық өзге елдердің хакерлерімен



«Мен бұл қауіп туралы 2017 жылы директор болғаннан бері көп айтып келемін. Бірақ бүгінгі таңда мен осыған қатты назар аударғым келеді,себебі бұл қызмет жаңа деңгейге көтерілді - бұрынғыдан да дөрекі, одан да жойқын болып келеді  және бұл  бәріміз үшін маңызды.Сол себептен  осы қауіпке бірге назар аударынымыз жөн », - деді ФБР директоры.



Associated Press атап өткендей, Рэйдің айтқан сөзі АҚШ-тың сыртқы саясаты Ресей мен Украина арасындағы шиеленістерге ұшыраған кездің өзінде Америка Құрама Штаттары Қытайға өзінің экономикалық қауіпсіздігіне қатер тигізер ұзақ мерзімді қауіп ретінде қарайтынын байқатты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38

14:28