Еңбек сіңірген қайраткер Қасымхан Бегманов «Парасат жолы» аясында кездесуге қатысты

Еңбек сіңірген қайраткер Қасымхан Бегманов «Парасат жолы» аясында кездесуге қатысты
Almaty-akshamy.kz

Жүздесу

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті мен А.П.Чехов атындағы орталық қалалық кітапханасының бірлесуімен "Парасат жолы" жобасы аясында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, ақын Қасымхан Бегмановпен тікелей эфирде онлайн кездесу өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Кездесу барысында ақынның шығармашылығы мен халқына атқарып жатқан ерен еңбектері туралы айтылды. Ол өз шығармашылығынан басқа, өміріндегі түрлі оқиғаларды да айтып берді.

Сондай-ақ, өз тәжірибесіне сүйене отырып, жастарды парасаттылық, адалдық, адамгершілік және жауапкершілік қағидаттарына әдеттендірудің маңыздылығын атап өтті.

«Жастар мұғалімдердің ілімдерін тыңдап қана қоймай, көптеген түрлі кітаптарды оқуы керек, өйткені кітап – білімнің ең басты дереккөзі», - деп Қасымхан Бегманов қорытындады.