Еңбек озаттарының республикалық форумы өтеді

Еңбек озаттарының республикалық форумы өтеді
Сурет: Rbc.ru

Аталған шара биыл бесінші рет өткелі отыр.

Нұр-Сұлтан қаласында еңбек озаттарының республикалық форумы өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл туралы елордада өткен «Тәуелсіздік және Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің дамуы» атты конференция барысында белгілі болды.

«15 желтоқсан күні елордада еңбек озаттарының республикалық форумы өтеді. Оған еліміздің түкпір-түкпірінің ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп жатқан мамандары мен еңбек үздіктері қатысады. Мақсат – ел үшін, ауыл шаруашылығы саласында тер төгіп жүрген азаматтардың еңбегін бағалау, оларға құрмет көрсету. Ол жерде еңбек озаттарына Президенттің құттықтауынан бастап, мемлекеттік және министрлік деңгейіндегі наградаға дейін табыс етіледі. Біз қарапайым шаруалардың еңбегін дәріптеп, олар туралы көп айтуымыз керек», - деді «Ауыл» партиясының төрағасы, ҚР Парламенті Сенаты депутаты Әли Бектаев.