«Еңбек» бағдарламасы 400 мыңға жуық адамға жұмыс тауып берді

«Еңбек» бағдарламасы 400 мыңға жуық адамға жұмыс тауып берді
Сурет: 7kun.kz

377,3 мың адам жұмысқа орналасты, оның 252,9 мыңы тұрақты жұмысқа тұрған.

2021 жылдың басынан бері «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 528 мыңнан астам адам қатысқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бағдарламаның бірінші бағыты аясында қысқа мерзімді курстарға 16,4 мың адам, ТжКБ бойынша оқуға 14,4 мың адам жіберілді. 6,5 мыңнан астам адам өз ісін ашу үшін жеңілдікті микрокредит, ал 22,2 мыңы қайтарымсыз мемлекеттік грант алды. Субсидияланатын жұмыс орындарына 165,4 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарына 17,4 мың адам; жастар практикасына – 24,3 мың адам; қоғамдық жұмыстарға – 123,7 мың адам. Еңбек ресурстарының ұтқырлығы шеңберінде 1 632 отбасы немесе 5 532 адам қоныс аударды, оның ішінде 2 351 адам - еңбекке қабілетті жаста. Оның ішінде 1 679 адам жаңа тұрғылықты жерінде тұрақты жұмысқа орналастырылды және 119 адам кәсіпкерлік қызметпен айналысады, 9 адам оқуға жіберілді.