Ең қымбат көмір 5 700 теңге?

Ең қымбат көмір 5 700 теңге?
Сурет: Dw.com

Министрдің айтуынша, баға осылай болмақ.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов көмір бағасын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz хабарлайды Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, бүгінде көмірдің бағасын ұстап тұру мақсатында осы саладағы ірі кәсіпорындармен меморандумдар рәсімделді. Онда көмірдің нақты бағасы көрсетілген.

«Біз Қаражыра, Богатырь мен Шұбаркөл кен орындарымен нақты бағаны келісіп қойдық. Бір тонна үшін 5 200 теңгеден басталады, ал ең қымбат көмір 5 700 теңге болады», - деп атап көрсетті Атамқұлов.