Ежелгі мамонттардың неліктен жойылып кеткені белгілі болды

Ежелгі мамонттардың неліктен жойылып кеткені белгілі болды
Cурет: Ашық дереккөз

Ғалымдар климаттың күрт өзгеруі мамонттардың қырылуына әкелді деген тоқтамға келді

Халықаралық зерттеушілер ұжымы Сібірдегі мамонттардың қырылуына климаттың күрт өзгеруі себеп болды деген ұйғарымға келді. Бұған дейін олардың жойылып кетуіне адамдар себепші болды деп айтылып келген. Ғалымдардың ғылыми мақаласы Nature журналында жарық көрді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жүнді мамонттар осыдан төрт мың жыл бұрын жойлып кеткен. Ол кезде адамдар мамонттардың етін қорек етіп қана қоймай, олардың сүйегінен үйдің қаңқасын тұрғызып, тістерінен музыкалық аспаптар жасаған. Сондықтан олардың жойылып кетуіне адамдар себепші болды деген нұсқа кеңінен таралған.

Ресей, Ұлыбритания, Дания, Қытай, Норвегия және АҚШ-тың Жер ғылымын зерттеп жүрген ғалымдары мамонттар мекендеген тундра  даласының келбетін қалпына келтіру туралы шешім қабылдады. Ғалымдар ол үшін мамонттар жүрген Арктиканың әр жерінен алынған 535 ежелгі өсімдіктер мен жануарлардың ДНК-сын сараптап, кездейсоқ массивтік үлгіден клондалған фрагменттердің түпнұсқасын алады. Сонымен қатар олар қазіргі кездегі 1,5 мың өсімдік пен жануардың ДНК-сын сараптамадан өткізген.

Зерттеушілер осылайша мамонттардың және тундра даласының мегафаунасының басқа өкілдерінің популяциясының таралуын картаға түсіреді. Онда уақыт өте келе олардың популяциясы мен генетикалық әртүрлілігі төмендеп бара жатқанын көрген, бұл олардың тіршілік етуін қиындататын көрінеді.

Шамамен 12 мың жыл бұрын плейстоценнің аяқталуы және мұздықтардың жойылуымен, яғни өзен, көлдер мен балоталардың пайда болуымен өсімдіктердің көлемі азайған. Бұл табиғаттағы бұрыннан келе жатқан тіршілік иелерін ұстап тұруға жеткіліксіз болған. 

Климат жылынған сайын ағаштар мен батпақты өсімдіктер бұрынғы мамонт жайылымдарының орнын басты.

«Біз климаттың өзгеруі, әсіресе жауын -шашын өсімдіктердің өзгеруіне әкелгенін көрсеттік. Біздің нұсқамыз бойынша адамдар мамонттардың жойылып кетуіне ешқандайда ықпал етпеген»,-дейді Кембридж университетінің ғылыми қызметкері Ючен Ван.

Алайда, мамонттардың жойылып кетуіне тек климаттың өзгеруі ғана әсер етпеген көрінеді.

«Олар климаттың өзгеруіне тез бейімделіп кете алмады. Ландшафт түбегейлі өзгерген кезде азық -түлік тапшылығы орын алды»,-дейді Копенгаген және Кембридж университетінің профессоры әрі зерттеу тобының жетекшісі Эске Виллерслев.