«Эйр Астана» әуекомпаниясына 3 миллион теңге айыппұл салынды

«Эйр Астана» әуекомпаниясына 3 миллион теңге айыппұл салынды
Сурет: Ашық дереккөзі

Рейстерді кешіктірген авиакомпаниялар жауапкершілікке тартылды

Рейсті кешіктіргені үшін «Эйр Астана» әуекомпаниясына 3 миллион теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды  Almaty-akshamy.kz.

Қазіргі уақытта Азаматтық авиация комитеті рейстерді кешіктіру кезінде жолаушылардың құқықтарын бұзғаны үшін авиатасымалдаушыларды жауапкершілікке тарту бойынша жұмысты жалғастыруда.

2022 жылғы 16 шілдеде «Эйр Астана» әуекомпаниясының Алматы – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша КС-853 рейсі резервтік ұшу экипажын күту себебінен 27 сағат 21 минутқа кешіктірілген. Рейстің кешігуі кезінде жолаушыларға қолданыстағы заңнамада қарастырылған қызметтер ұсынылмаған.

«Осыған байланысты, 6 қыркүйекте «Эйр Астана» әуекомпанияларына қатысты рейстің кешігуі кезінде жолаушылардың құқықтарын бұзғаны үшін 3 063 000 теңге көлемінде айыппұл салынды. Осылайша, ағымдағы жылдың шілде айынан бастап «Эйр Астана» әуекомпаниясына (құрылымдық бөлімшесі «Fly Arystan» әуекомпаниясы болып табылады) қатысты жалпы сомасы 21 441 000 теңге жеті айыппұл салынды», - деп көрсетті Азаматтық авиация комитеті.

Аталған кезеңде қазақстандық авиакомпаниялар сегіз рет 8 000 АЕК сомасына әкімшілік жауапкершілікке тартылды.