Eurovision байқауында жеңіс украиндық топқа бұйырды

Eurovision байқауында жеңіс украиндық топқа бұйырды
Сурет: 1news.az

«Eurovision-2022» танымал халықаралық байқауда украиндық Kalush Orchestra тобы жеңімпаз болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Ал байқаудың екінші және үшінші орындарын Ұлыбритания мен Испания өкілдері алды. Италияның Турин қаласында өткен әлемдік байқауда украиндық топтың орындауындағы Stefania әні тыңдармандардың дауыс беру нәтижесі бойынша бірінші орын алды.

Kalush - рэп-тобы 2019 жылы құрылған және топтың аты Украинадағы Калуш қаласының құрметіне қойылған.