Eurovision - 2023 Украинада өтпейді: ұйымдастырушылар басқа елді таңдады

Eurovision - 2023 Украинада өтпейді: ұйымдастырушылар басқа елді таңдады
Cурет: eurovision

Былтыр Eurovision - 2022 ән байқауында украиналық Kalush Orchestra тобы жеңімпазы атанған 

Байқауды ұйымдастырушы Еуропалық хабар тарату одағы елдегі қазіргі жағдай шараға қатысушылар мен ұйымдастырушылардың қауіпсіздігіне кепілдік беруге мүмкіндік бермейтінін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Eurovision - 2023 Ұлыбританияда өтуі мүмкін. Бұл туралы Rg.ru сайты хабарлады. Қазірдің өзінде Корольдікте музыкалық байқауды ұйымдастыру жауапкершілігін өз мойнына алуға дайын өкілдермен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, былтыр Eurovision - 2022 ән байқауында украиналық Kalush Orchestra тобы жеңімпазы атанған еді. Ал британдық орындаушы Сэм Райдер екінші орын алып әрі қазылар алқасында болған еді. Алайда нәтиже жарияланғаннан кейін Румыния, Әзірбайжан, Грузия және бірқатар басқа елдердің өкілдері ұйымдастырушыларды нәтижелерді бұрмалады және Украина мен Ұлыбританияның пайдасына дауыстарды ұрлады деп айыптады.