Еуропаны бағындырған балеттер

Еуропаны бағындырған балеттер
almaty-akshamy.kz

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры Шымкент қаласының тұрғындарына үш балет спектаклін ұсынады.

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры 4 және 5 мамыр күні сағат 19:00-де Орыс драма театрының үлкен сахнасында Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарына Ф.Шопеннің “Шопениана”, И.С.Бахтың “Бах шығармашылығын тану”, М.Равельдің “Болеро” атты балет спектакльдерін ұсынады.

"Шопениана" — Фридерик Шопеннің музыкасына жазылған балет сюитасы. Сюжетсіз спектакль – арман мен өмір шындығы арасындағы мәңгілік тартыспен, қол жетпес мұраттың ұстамсыздығымен романтизм дәуіріне тағзым.

Классикалық хореографияның інжу-маржандарының бірі саналатын М.Фокиннің аты аңызға айналған хореографиясын көркемдік жетекші әрі балетмейстер Гүлжан Түткібаева қалпына келтірді.

«Бұл спектакльдер тек қазақстандық театрларда ғана емес, Франция мен Англия сахналарында да ұсынылып, көрермен қауымын қуантты. Енді осы балеттерді Шымкент жұртшылығына ұсынбақпыз және олар әрбір көрерменнің жүрегінен орын табады деп сенеміз. Балет әртістері қазіргі бай репертуарынан бөлек, Шымкент қаласына гастрольдік сапарға қызу дайындық үстінде», - дейді Абай атындағы ҚазҰОБТ көркемдік жетекшісі Гүлжан ТҮТКІБАЕВА, ҚР Халық әртісі. – «Балет труппасының жұмысын бөлек атап өткім келеді, өйткені үш қойылымда да бір бишілер қатысады. Балет труппасы бейнелер мен костюмдерді тез өзгертуге, эмоционалды түрлендіруге, классикалық хореографиядан заманауи хореографияға қайта өзгертулеріне, рөлдер мен бидегі әріптестерін алмастыруларына тура келеді».

Дэвид Джонатанның хореографиясы бойынша «Бах шығармашылығын тану» неоклассикалық балеті классицизмнің абстрактілі деконструкциясы болып табылады. Бахтың музыкасы бұрынғыдай біріктіруші классикалық элемент болып қала береді, бірақ бидің ерекше және күтпеген хореографиялық тілі осы тамырлардың үзілуіне тұспалдайтындай. Олардың көріп отырғанына қарағанда, залдағы көрермендер қандай да бір сезім тұңғиығына батып кеткен. «Бах шығармашылығын тану» қойылымы лайықты еуропалық «Dance Europe» журналының «New name to watch» номинациясы бойынша беделді номинациясына ие болды.

Испанияның ерекше болмысты өнерімен етене таныс Морис Равель, әйгілі биші, орыс балетінің солисі Ида Рубинштейннен алған әсерінен қайталанбас туынды “Болероны” шығаруды ойлады. Кезінде Ида Париждің Гранд-Опера сахнасында испан тақырыбының көрінісін арқау еткен хореографиялық композицияны орындауды көздеген еді.

Хореограф Рикардо Амарантенің айтуынша, оның "Болеро" хикаясы әйел сұлулығы мен нәзіктік идеалдарын дәріптейді.

- «Маған Болероны қою туралы ұсыныс түскенде, мен бір уақытта шабыттанумен бірге қорқып та кеттім. Өйткені әлемдік хореография бұл балеттің қойылымдарының көптеген мысалдарын біледі. "Болероны" дүниеге әкелген әйел Ида Рубинштейннің әйгілі портреті мені шабыттандырды. Мен сезімтал, эмоцияларға қанық балет жасағым келді. Шексіз қиялдар бізді махаббат, қызғаныш пен құмарлық әлеміне жетелейді», - деді ол.

 Рикардо Амарантенің қойылымы – бұл жан айқайы, құмарлықтың нағыз қайнау шағы және бидің елірген шағы. Сахнада орын алған бишілердің қозғалысынан, декорациялар мен жарықтың көрермен көңіліне әсер етуінен, барлық қойылымдардан классика мен модерн байқалады. Ал музыка, әрине, оны көргеннен алған әсерін күшейте алады.