Еуропалықтарға электр қуатын үнемдеп тұтыну ұсынылды

Еуропалықтарға электр қуатын үнемдеп тұтыну ұсынылды
Сурет: Сurrentschoolnews.com

Үнемшілдік - ізгі іс!

Грекия Премьер-Министрі Кириакос Мицотакис азаматтарды электрмен жабдықтау жүйесінің бұзылуын болдырмау үшін электр энергиясын үнемдеуге шақырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Reuters сайтына сілтеме жасап.

Еуропа елі 1987 жылдан бергі аптап ыстықтың салдарынан электр желілерінің жүктемесінің жоғарылауына тап болды. Осы аптада ең жоғары температура күтіледі. Күндізгі температура Афинада 31-ден 43 градусқа дейін, кейбір аймақтарда 45 градусқа дейін жетеді.

Мицотакис гректерден түскі және кешкі уақытта қызу уақытында электр энергиясын тұтынуды шектеуді сұрады. IPTO грек операторы ірі кәсіпкерлерден электр қуатын бірнеше сағатқа өшіруді және көрші елдерден электр энергиясын импорттауды азайтуды сұрамақшы.

Елдің энергетикалық инфрақұрылымына қосымша жүктемені жазда Грекияда демалатын үш миллионнан астам турист жасайтын көрінеді.