Еуропадағы инфляция жаңа рекордтық деңгейге дейін өсті

Еуропадағы инфляция жаңа рекордтық деңгейге дейін өсті
Cурет: Inform.kz

Еуростаттың (ЕО статистикалық агенттігі) мәліметінше, мамырда Еуроаймақтағы инфляция 8,1 пайызға өссе, сәуірде бұл көрсеткіш 7,4 пайызды құрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Осылайша, осы айда ЕО-дағы инфляция кезекті рет орташа болжамнан 7,7% - ға артты. Бұл Еуропалық орталық банкті баға қысымын тежеу үшін агрессивті әрекет етуге мәжбүр етеді. Қазіргі уақытта инфляция ЕОБ жоспарлаған 2 пайыздан төрт есе көп, деп жазады еуропалық басылым. Мұндай өзгеріс негізінен энергия (мамырда 39,2%, сәуірдегі 37,5%), одан кейін тамақ, алкоголь және темекі (сәуірде 6,3%, мамырда 7,5%) өнімдері бағасының күрт көтерілуіне байланысты болды. Азық-түлікті, энергияны, алкогольді және темекіні қоспағандағы базалық инфляция сәуірдегі 3,5 пайыздан мамырда 3,8 пайызға дейін айтарлықтай өсті. Инфляциялық қысым Еуропада айтарлықтай өзгереді. Балтық жағалауы елдері қатты зардап шекті. Инфляция Эстонияда 20,1 пайызға, Литвада 18,5 пайызға, Латвияда 16,4 пайызға жетті. Ең төменгі көрсеткіштер Мальтада (5,6 пайыз) және Францияда (5,8 пайыз) тіркелді.