Еуропада пандемия аяқталуы мүмкін

Еуропада пандемия аяқталуы мүмкін
Сурет: Rg.ru

Коронавирустың "омикрон" штамы Еуропадағы COVID-19 пандемиясын тоқтатуы мүмкін

Бұл туралы ДСҰ-ның Еуропадағы аймақтық директоры Ханс Клюге мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

«Еуропа пандемияның соңғы кезеңіне жақындап қалған болуы мүмкін», - деді Клюге.

Аймақтық бюро директорының айтуынша, Еуропада "омикронның" күрт өсуі басылғаннан кейін біраз уақыт жаһандық иммунитет болады.  Ол иммунитет вакцина арқылы немесе маусымдық ерекшеліктерге байланысты қалыптасады.

«Біз COVID-19 қайта оралғанға дейін тыныштық кезеңін күтеміз, бірақ бұл пандемия толықтай аяқталды дегенді білдірмейді.

Бұл вирус бізді бірнеше рет таң қалдырды, сондықтан біз өте сақ болуымыз керек», - деді ол.