Еуропа рейтингінде 13 жасар Заңғар Нұрланұлы 100 күн бойы көш бастап келеді

Еуропа рейтингінде 13 жасар Заңғар Нұрланұлы 100 күн бойы көш бастап келеді
Сурет: 24.kz

Tennis Europe (TE) ұйымы биыл күзде Монте-Карлода өтетін Junior Masters турниріне орай жаңартылған рейтингті жария етті.

 ҚТФ баспасөз қызметінің мәліметінше, рейтингте 13 жасар Заңғар Нұрланұлы 100 күн бойы көш бастап келеді. Қазіргі кезде Қазақстанның жас жұлдызының еншісінде 520 ұпай бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Заңғардан бөлек, елімізден Дамир Жалғасбай (43-орын) мен Даниэль Тазабеков (62-орын) үздік жүз теннисшінің қатарына кірді. Қазір З.Нұрланұлы, Д.Жалғасбай мен Д.Тазабеков үшеуі Үндістанның Нью-Дели қаласында. Онда Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 25 сәуірден бастап 14 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионатының Азия/Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турниріне қатысады.