Еуропа олимпиадасынан қазақстандық оқушылар 6 медаль алды

Еуропа олимпиадасынан қазақстандық оқушылар 6 медаль алды Сурет: Inform.kz

 Сербияның Белград қаласында әлемнің 9 елінен 98 оқушы қатысқан еуропалық географиялық олимпиада (EGeO) аяқталды.


Оған 6 оқушыдан тұратын Қазақстан ұлттық құрамасы да қатысып, 6 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Жеңімпаз оқушылар:


- Ақтөбе қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің (ФМБ НЗБ) 11-сынып оқушысы Санжар Хамитов –– алтын медаль;


- Астана қаласының НЗМ 11-сынып оқушысы Аида Давлетова –– күміс медаль;


- Шымкент қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі (ХББ НЗМ) 10-сынып оқушысы Қанат Серікбай –– күміс медаль;


- Шымкент қаласының ХББ НЗМ 10-сынып оқушысы Әрсен Сыдықов –– қола медаль;


- Ақтөбе қаласының ФМБ НЗМ 10-сынып оқушысы Әлихан Қалмағамбетов –– қола медаль;


- Жамбыл облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Сабыр Жомарт –– қола медаль.


«EGeO 2015 жылдан бері өткізіліп келеді. Олимпиада жазбаша тестілеу, мультимедиялық тест және далалық турды қамтиды. Тапсырмалар тек ағылшын тілінде берілді», – дейді топ жетекшісі Абай Дүйсен.


Айта кетейік, өткен жылы құрама команда 1 алтын, 1 күміс және 4 қола медаль жеңіп алған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:15

14:56

14:43

13:15

13:13

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02