Еуропа мен АҚШ-та "дельтакрон" көбейіп барады

Еуропа мен АҚШ-та "дельтакрон" көбейіп барады
Сурет: 1news.az

Еуропа мен АҚШ-та коронавирустық инфекциялардың қосылысы тіркелді.

Мұнда "омикрон" және "дельта" штамдарының комбинациясы байқалған. Вирустың бұл нұсқасы «дельтакрон» атауын алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

«Бүгінде бірнеше жағдай ғана тіркелді, десе де, жаңа штамм қазірдің өзінде алаңдаушылық тудыруда», – дейді дәрігерлер.

Денсаулық сақтау ұйымы өкілдерінің айтуынша, "дельтакрон" "омикрон" сияқты жұқпалы және "дельта" сияқты ауыр түрде өтуі мүмкін. Осылайша пандемияның келесі толқынында коронавирустың аталмыш нұсқасы басым болады деп болжанып отыр.