Еуроодақ Ресей кемелеріне шектеу қойды

Еуроодақ Ресей кемелеріне шектеу қойды
Cурет: 24.kz

3 мыңға жуық су көлігі санкцияға ұшырайды.

Ресей кемелерін Еуроодақ елдерінің кемежайлары қабылдамайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Жалпы есеп бойынша, енді 3 мыңға жуық су көлігі санкцияға ұшырайды. Бірақ Еуроодаққа мұнай өнімдерін, көмір, металл, дәрі-дәрмек, азық-түлік және ауыл шаруашылығы тауарларын тасымалдайтын кемелерге бұл шектеудің қатысы жоқ. Олар жолын бұрынғысынша жалғастыра береді. Әрі одаққа мүше елдердің кемежайларына тоқтай алады.