Еуроодақ маймыл шешегіне қарсы вакцина сатып алады

Еуроодақ маймыл шешегіне қарсы вакцина сатып алады
Cурет: Ашық дереккөз

Одаққа мүше елдерге алғашқы жеткізілім маусым айының соңында басталады

Еуропада бұл аурудың 900 дерегі тіркелді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Еuronews.com  сайтының мәліметінше, сейсенбіде ЕО денсаулық сақтау министрлерінің кездесуінде денсаулық сақтау және тұтынушылар құқығы жөніндегі комиссар Стелла Кириакидес бүкіл Еуропалық Одақ үшін жаңа қауіптен қорғаудың бірыңғай шараларын жариялады.

«Мен маймыл шешегіне қарсы 110 мыңға жуық вакцина сатып алу туралы келісімге қол қоямын. Одаққа мүше елдерге алғашқы жеткізілім маусым айының соңында басталады», - деді Стелла Кириакидес.