Euro-2024: Бүгін Франция құрамасы Нидерландпен ойнайды

Euro-2024: Бүгін Франция құрамасы Нидерландпен ойнайды
Сурет: Ашық дереккөз

Франция өткен жылғы әлем чемпионатында күміс жүлдегері атанған

24 наурыздан 25-не қараған түні футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу сатысы бірінші турындағы екінші ойын күні өткізіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл күні ойындар В, E, F, G топтарында өткізіледі.

Басты ойынның бірі В тобындағы Франция - Нидерланд құрамалары арасында болады.

Кездесу елорда уақытымен 01:35-те басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Франция өткен жылғы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанса, Нидерланд 1/4 финалға дейін жетті.

24 наурызда өтетін барлық ойын кестесі:

В тобы

Гибралтар - Грекия

Франция - Нидерланд

E тобы

Чехия - Польша

Молдова - Фарьер аралдары

F тобы

Австрия - Әзербайжан

Швеция - Бельгия

G тобы

Сербия - Литва

Болгария - Черногория

Еске салсақ, 23 наурызда Еуропа чемпионатының іріктеу сатысы бірінші турында Қазақстан құрамасы Словенияға жол берді.

Сондай-ақ, сол күні C, H, J топтарында алғашқы тур ойындары өткізілді.