EURO 2024: Асхат Тағыбергеннің голы үздік деп бағаланды

EURO 2024: Асхат Тағыбергеннің голы үздік деп бағаланды
Сурет: Ашық дереккөз

Бұл гол таразы басын теңестіруге мүмкіндік жасады

UEFA Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыбергеннің Еуро-2024 іріктеу сатысы екінші турындағы Дания қақпасына соққан голын үздіктер номинациясы қатарына енгізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

26 наурызда өткен елордада ойында Қазақстан футболшылары аталған қарсыласынан 3:2 есебімен басым түскен еді.

Асхат Тағыбергеннің әуелете тепкен добы қақпа торында тулап жатты.

Бұл гол таразы басын теңестіруге мүмкіндік жасады.

Сондай-ақ, үздік гол номинациясына үміткерлер қатарында англиялық Букайо Сака, беларусьтік Владислав Морозов пен румыниялық Андрей Буркэ бар.