Еттен толықтай бас тартудың салдары қандай?

Еттен толықтай бас тартудың салдары қандай?
Cурет: ашық дереккөзден

Вегандықтың тағы бір қатері бар.

Елена Тихомирова есімді SM-Klink компаниясының диетологы Life басылымына берген сұхбатында адамның еттен толық бас тартуының салдары қандай болатынын жеткізді. 
Бұл жайында islam.kz порталы аталған ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Білікті маманның айтуынша, малдың да, құстың да еті дәрімендер мен қоректік заттарға бай.

Дәлірек айтқанда, жануарлар мен құстар еті темірге бай келеді, сондай-ақ, олардың бауырында В12 дәруменінің мөлшері жоғары.

Етті тұтынудан түбегейлі бас тартқан адамның организмінде алдымен темір тапшылығы пайда болып, артынан анемияға (қан аздық) ұрындырады, ал бұл жайт адамның ми мен бұлшық ет қызметін бұзады.