Қандай азық-түлік өнімдері есте сақтау қабілетін жақсартады?

Қандай азық-түлік өнімдері есте сақтау қабілетін жақсартады?
Сурет: Forumdaily

Диетолог авокадо, шоколад және көк шайды есте сақтау қабілетін жақсартатынын айтты

Бірқатар азық-түлік өнімдерін тамақтану рационына енгізу арқылы есте сақтау қабілетін жақсартуға болады. Бұл туралы дәрігер-диетолог Александра Разаренова мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz тілшісі Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Есте сақтау үшін ең пайдалы бес тағамның бірі, ол пайдалы майларға, калийге, талшықтарға және антиоксиданттарға бай авокадоны атады. Пантотен қышқылы ұзақ мерзімді есте сақтау қабілетіне жақсы әсер етеді, ол ағзада жеткіліксіз болғанда, адам шаршайды. Дегенмен, артық салмағы бар адамдар авокадоны көп пайдаланбау керек, себебі оның калориясы өте жоғары.

Розмарин (гүлшетен) когнитивті функция мен концентрацияға пайдалы, дейдің маман. Оның құрамында ойлау процестеріне қажетті ацетилхолин бар. Зәйтүн майын үнемі тұтыну есте сақтауды нығайтуға және ағзадағы токсиндерді бейтараптандыруға көмектеседі. Сонымен бірге, оны Альцгеймер ауруына қарсы тиімді профилактика ретінде тағайындайды.

EGCG антиоксиданты  жасыл шайда кездеседі: ол есте сақтау қабілетіне оң әсер етеді. Оны дегенерациялық бұзылулардан аулақ болғысы келетіндер үшін ішу қажет. Сусындағы L-теанин оқу қабілетін және жалпы жұмыс істеу қабілетін арттырады.

Құрамында какао көп болатын шоколадта миды оттегімен қамтамасыз ететін органикалық заттар бар. Әсіресе, қара шоколадтың пайдасы көп, ол ұйқышылдықты жеңуге көмектеседі және жалпы тонусты жақсартады. 

Бұған дейін америкалық психиатр Ума Найду да ми жасушаларының сау болуы үшін қара шоколад жеуге кеңес берген болатын.