«Эссе: шеберлік пен үйлесімділік» курсы

«Эссе: шеберлік пен үйлесімділік» курсы
almaty-akshamy.kz

2021 жылғы 28 маусым мен 2 шілде аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ-да Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасымен ынтымақтастық аясында жоғарыда аталған өңірдің білім басқармасына қарасты орта білім беру ұйымдарының «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні мұғалімдеріне арналған «Эссе: шеберлік пен үйлесімділік» курсы өткізілді. Курсқа барлығы 29 мұғалім қатысты.


Курс спикері Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің аға оқытушысы, «Болашақ» бағдарламасының түлегі, «Академиялық жазылым» еңбегінің авторы Еділбай Оспанов болды. Еділбай Оспанов курс қатысушыларына эссе жазудың қыр-сырын жан-жақты талдап, ғылыми деңгейде түсіндірді. Курс соңында барлық қатысушы мұғалімдерге сертификат және Еділбай Оспановтың «Академиялық жазылым» еңбегі табысталды.