Ескі үйлердің көбі Түрксіб ауданында орналасқан

Ескі үйлердің көбі Түрксіб ауданында орналасқан
almaty.tv

Қаланың барлық ескі үйлерінің 40%-ы осы ауданда

Аудандағы барлық көп қабатты үйлердің жартысы, яғни 594 үй (1229 үйдің 594-і) ескірген. Ауданда қаланың барлық ескі тұрғын үйлерінің 40%-ті орналасқан.

Осы мәселені шешу үшін 2022 жылы 12 ескі үйде тұратын 96 отбасы 2 жаңа көп қабатты үйге көшірілді.

Анықтама:

114 пәтер, оның ішінде 96 – Түрксіб ауданының қоныс аударушылары, 14 - Жетісу ауданында үйі өртенгендер. 211 пәтерлік тағы 8 көп қабатты үй салынуда. 4 үйді 2022 жылдың желтоқсан айында, қалған үйлерді 2023 жылдың екінші тоқсанында пайдалануға беру жоспарланған.