Ескі көлікпен қала орталығына кіру үшін 7 мың теңге төлейді

Ескі көлікпен қала орталығына кіру үшін 7 мың теңге төлейді Сурет: Auto.ru

Бұл - Ұлыбритания астанасында 2019 жылдан бері қолға алынған шара.


Күн сайын шамамен 13 стерлинг фунтынан, яғни 7 мың теңге төлегісі келмегендер қоғамдық көлікке мініп, болмаса орталықты сырт айналып өтуге мәжбүр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Нәтижесінде қоршаған орта айтарлықтай тазарды. Енді қала мэрі ауаны ластағандар үшін салықты шеткі аймақтарға да енгізіп отыр. 29 тамыздан бастап, қоршаған ортаға зиян келтірген көліктер қала шетінде жүрсе де ақша төлеуге міндетті.



«Шешім қабылдау оңайға соқпады. Бірақ жыл сайын 4 000 мыңнан астам Лондон тұрғынының мерзімінен бұрын қайтыс болуы тікелей ауаның ластануымен байланысты. Балалар тыныс алудың айықпас ауруларымен ауыруда. Ересектер астма, қатерлі ісік сияқты дерттерге душар болып жатыр», - дейді Лондон қаласының мэрі Садик Хан.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00

15:20

15:05

14:36

14:35

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04