Ескендір Хасанғалиевтің жарыққа шықпаған романстары кітап болып жарияланбақ

Ескендір Хасанғалиевтің жарыққа шықпаған романстары кітап болып жарияланбақ
Сурет: Adyrna.kz

Біржан Хасанғалиев әкесінің романстарын жарыққа шығармақ

Біржан Хасанғалиев марқұм әкесі, даңқты композитор, Қазақ КСР-нің Халық әртісі Ескендір Хасанғалиевтің жарыққа шықпаған романстарын кітап етіп шығармақ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Алматы телеарнасының сайтына сілтеме жасап.  

«Әкемнің артынан қалған мол мұрасы бар. Оның қатарына тек әндер ғана емес, ертерек жазылған Ескендір Хасанғалиевтің романстары да кіреді. Қазір солардың клавирін (аккомпанемент) өзім жазып жатырмын», – деп хабарлады Біржан Ескендірұлы Instagram-дағы парақшасында.

Хасанғалиев мұның қиын әрі жауапкершілікті талап ететін жұмыс екенін атап өтті. Б.Хасанғалиевтің айтуынша, ол екі айда бұл ісін бітірмек ниетте. Кейін оны кітап қылып шығарып, халыққа көрсетпек.