Есірткіге тәуелділік артып келеді

Есірткіге тәуелділік артып келеді almaty-akshamy.kz

Алматының бас психиатры есірткі мен алкогольге тәуелділік қатары лудомания және гаджетпен ұзақ отыру әдетімен толыққанын атап өтті


Алматы қалалық психикалық денсаулық орталығының директоры Сапар Рахменшеев Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде тәуелділікпен күресудің алдын алу мен оның пәрменді әдістері туралы айтып берді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Нашақорлық, алкоголизм және лудомания - денсаулық пен өмір сапасына нұқсан келтіреді. Дгенмен, мегаполис дәрігерлері жылдар бойы сенімді емдеу әдістерін әзірлеген. 




«Кез-келген тәуелділікті емдеудің алғашқы қадамы - өзіңіздің тәуелді екенңізді мойындау. Адам өзінің тәуелділік құрбаны екенін және өзін басқара алмайтынын мойындауы керек, себебі оны тәуелділік басқарады. Екінші қадам психиатр-маманға (психиатр-нарколог) немесе психотерапевтке жүгіну болады. Дәрігер емдеу тактикасын анықтайды (медициналық детоксикациямен және қалпына келтіретін стационарлық ем )», – деп түсіндірді С.Рахменшеев.



Алматының бас психиатры тәуелділікті емдеу арнайы медициналық дайындық пен білімді қажет ететінін атап өтті. Емдеуді қажет ететін адам мамандандырылған ауруханаға, яғни Психикалық денсаулық орталығына баруы керек. Емдеу кезінде пациенттің дәрігерге сенуі өте маңызды. Науқас пен дәрігер арасындағы сенімді қарым-қатынассыз тәуелділікті жеңу өте қиын болады.


Сонымен қатар, биыл Алматы қалалық психикалық денсаулық орталығының мамандары әкімшілік бұзушылықтары үшін ұсталған адамдар арасында нашақорлық пен маскүнемдікке шалдыққандарды анықтады. Барлығы 48 жағдай, олардың барлығына медициналық және психологиялық көмек көрсетілді.


«Өкінішке қарай, жасөспірімдер арасында нашақорлық бұзылыстарын ерте анықтау мәселесі әлі шешілген жоқ. Себебі кәмелетке толмағандардың ата – аналары мектептерде есірткі/психоактивті заттарды қолдану бойынша зерттеулер (тестілеу) жүргізуге қарсы», - деп бөлісті қаланың бас психиатры.


Алматы қалалық психикалық денсаулық орталығында қазіргі уақытта наркологиялық есепте 4599 адам, оның ішінде кәмелетке толмаған 16 жасөспірімнің тұрғаны хабарланды.


Алкогольге тәуелділік туралы айта келе, сарапшы бүгінгі таңда Алматыда маскүнемдікке тәуелді 3438 адамның арасында кәмелетке толмаған екі жасөспірім бар екенін атап өтті.


Тәуелділіктер туралы жалғастыра отырып, дәрігер лудоманияға тоқталды, одан емделуді неғұрлым ерте бастаса, соғұрлым жақсы болмақ. Сарапшы сонымен қатар жасөспірімдер арасында гаджеттерге тәуелділіктің жиі кездесетініне де тоқталды. Бұған кейде ата-аналарының өздері жол көрсетеді, дейді ол. Орталықта Алматы қаласының білім басқармасымен бірлесіп, гаджетті үнемі пайдаланатын 3 мыңнан астам балаға  сауалнама жүргізілді. Нәтижесінде алдын алу шаралары бар балалар мен жасөспірімдер арасында гаджеттерге тәуелділік мәселелері бойынша әдістемелік құрал шығарылды.



«ДДҰ ұсынысы бойынша 2 жасқа дейінгі балаларға гаджеттерді қолына беруге болмайды. Бізде, керісінше, ата-аналар үш айдан бастап баланың назарын аударып, кедергі жасамас үшін қолдарына гаджеттер береді. Сауалнама барысында біз ойындар мен әлеуметтік желілерде 2-3 сағаттан астам уақыт өткізетін балалар бар екенін анықтадық. Біз 12 жасқа дейінгі балаларға гаджеттерді тәулігіне 2 сағатқа дейін, 12 жастан асқан балаларға үш сағатқа дейін пайдалануды ұсынамыз, бірақ ата - аналар мұны бақылауы керек», - деп аяқтады сарапшы.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50