Есірткі жарнамалайтын 2 мыңға жуық сайт бұғатталды

Есірткі жарнамалайтын 2 мыңға жуық сайт бұғатталды
Сурет: Egemen.kz

Оның ішінде Telegram мессенджерінде 1,5 мыңға қол жеткізу шектелген.

Есірткі саудасы интернет және электрондық төлем жүйелері арқылы жүзеге асырылады. Бұл туралы ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Бақытжан Әмірханов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Есірткі сайттарының негізгі бөлігі «Кибернадзор» ақпараттық жүйесімен автоматты түрде бұғатталады. Жыл басынан бері есірткі жарнамалайтын 2 мыңға жуық сайт бұғатталды, оның ішінде Telegram мессенджерінде 1,5 мыңға қол жеткізу шектелген. Әрине, біз халыққа шектеу қоя алмаймыз. Төлемақыларды тоқтата алмаймыз. Сондықтан Қазақстанда ең танымал онлайн-платформалар мен төлем жүйелерінің меншік иелерінің өкілдіктері мен кеңселерін кеңейту құзыретті органдардан теңдестірілген шешім әзірлеуді талап етеді. Тек осылай ғана олардың қызметін біздің заңнамаға сүйене отырып реттей аламыз», - деді Б. Әмірханов.