Есірткі тасымалдаған оқушы сотталды

Есірткі тасымалдаған оқушы сотталды
Cурет: Ашық дереккөз

Өңірде жыл басынан бері 20 оқушы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған

Атырауда есірткі тасымалдаған оқушы 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqstan.tv-ге сілтеме жасап.

Ол жалақысы жоғары курьер қажет екені туралы хабарландыруды әлеуметтік желіден көріп, жұмысқа орналасады. Жылдам баюды көздеген жеткіншек психотроптық заттарды жасырын орындарға жеткізетінін біле тұра, бұл жұмысқа келіскен.

Аса ірі мөлшердегі есірткіні сақтау, тасымалдау және өткізуге бағытталған электронды ақпараттық ресурстарды пайдаланғаны, қылмыстық ниеті бары анықталды. Облыстық прокуратураның мәліметінше, өңірде жыл басынан бері кәмелеттік жасқа толмаған 20 оқушы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған.