Ержан Сәрсенбай «Жасыл даму» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды

Ержан Сәрсенбай «Жасыл даму» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды
Сурет: Elorda.info

Ержан Сәрсенбай «Жасыл даму» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Ержан Сәрсенбай 2001- 2006 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде жетекші маман лауазымынан басқарма басшысы лауазымына дейін қызмет атқарған.

2006-2007 жылдары - ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Әлеуметтік-мәдени даму бөлімі Ғылым және инновациялық қызмет секторының меңгерушісі;

2007-2010 жылдары - «Қазақстан даму банкі» АҚ Жобаларға агенттік қызмет көрсету басқармасының басшысы;

2011 жылдан бастап 2014 жылғы ақпан айына дейін - «НК Продкорпорация» АҚ Несиелендіру және несиені әкімшілендіру департаментінің директоры;

2015-2017 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Экономика салаларын дамыту департаменті директорының орынбасары;

2017- 2021 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаментінің директоры;

2021 жылғы ақпан айына дейін «Қазақстандық мемлекеттік – жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ басқарма төрағасы болған.