Ержан Бабақұмаров Үміт үйінің қалалық қамқоршылық кеңесінің отырысын өткізді

Ержан Бабақұмаров Үміт үйінің қалалық қамқоршылық кеңесінің отырысын өткізді Сурет: Almaty-akshamy.kz

Жетімдік және қамқоршылықтың алдын алу мәселелері қаралды


Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Бабақұмаровтың төрағалығымен өткен комиссия отырысында жетімдік және қамқоршылықтың алдын алудың өзекті мәселелері қаралды.



Комиссия жұмысына әлеуметтік қызметтер, денсаулық сақтау және білім беру органдарының өкілдері, сондай-ақ дағдарыс орталықтары одағының басшысы З.Байсақова қатысты. Комиссия жұмысы өмірде қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмек көрсетуге бағытталған.


Кездесуде қолдау шараларын көрсету, соның ішінде балаларға арналған құжаттарды ресімдеу, балабақшаларға кезекке қою, балалар мен ата-аналарды медициналық тексеруден өткізу мәселелері талқыланды. Ержан Бабақұмаров атап өткендей, жетімдіктің маңызды алдын алу шарасы ата-аналарды әлеуметтендіру болып табылады.


Осыған байланысты қала әкімінің орынбасары Е. Бабақұмаров соңғы екі жылдағы Үміт үйіне жүгінудің барлық жағдайларына талдау жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар, қиын жағдайға тап болған аналар мен әкелерді жұмысқа орналастыру және белсенді қоғамдық өмірге тарту бойынша алдын алу шараларының пакетін әзірлеу тапсырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:31

17:45

17:16

16:24

16:10

15:40

15:15

14:50

13:46

13:15

12:40

12:07

11:45

11:05

10:49

10:45

10:37

10:27

10:14

10:10

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42