Ержан Бабақұмаров: Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтыру санының төмендеуі жалғасуда

Ержан Бабақұмаров: Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтыру санының төмендеуі жалғасуда almaty-akshamy.kz

Алматыда КВИ-дің тәуліктік өсімі 25 тамыздан бастап 1,16-дан 0,2%-ға дейін төмендеді. Қалада инфекциялар санының төмендеуі шамамен 74% құрады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров мәлімдеді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Алматы әкімі орынбасарының мәліметінше, ағымдағы жылдың басынан бері КВИ-дің 152 мыңнан астам жағдайы тіркелген (152 298). Оның ішінде ағымдағы жылдың 19 шілдесінен бастап 6 қазанға дейін 85 000 жағдай тіркелген.



«2020 жылдың жазында және 2021 жылдың басында біз «ухань» штамымен байланысты екі толқыннан өттік. 2021 жылдың көктемінде – «альфа» штамымен туындаған толқын. 19 шілдеде «дельта» штамынан туындаған инфекцияның ең ауыр толқыны басталды.  Бүгін біз осы толқыннан шықтық», - деді Ержан Бабақұмаров.



29 шілде мен 25 тамыз аралығында Алматы жағдайларды тіркеудің жоғарғы қабатында болды (1500-1600 жағдай). 26 тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін, 7 қазандағы жағдай бойынша инфекцияның төмендеуі жалғасуда - 1600-дан 423-ке дейін.



 «Салыстырмалы талдау мынаны көрсетеді. Егер бірінші толқын кезінде Алматыда тәулігіне жұқтырғандар саны 250 болса, екінші және үшінші толқын кезінде – шамамен 400 және 700 болса, "дельта" штамында тәулігіне жұқтыру деңгейі 1600 және одан да көп болды», - деп хабарлады мегаполис әкімінің орынбасары.



Оның айтуынша, «дельтаның» шарықтау шегінде "жедел жәрдем" шақыруларының саны екі еседен астам – 4000-ға дейін өсті, олардың 45%-ы КВИ және ковидті этиологияның пневмониясымен байланысты болды.


Бұл ретте КВИ төртінші толқыны кезінде стационарларға емдеуге жатқызу деңгейі 5 еседен астам өсті.


Егер бірінші толқын кезінде ауруханаға жатқызу тәулігіне 250 адамға дейін, екінші және үшінші толқын кезінде - 400-450-ге дейін болса, төртінші толқын кезінде ауруханаға жатқызу деңгейі екі есе жоғары болды және тәулігіне 800 пациентке жетті.



«Жалпы, денсаулық сақтау жүйесі ауыр жүктемелерге төтеп берді, дәрі-дәрмектер мен ЖҚҚ қоры жеткілікті қамтамасыз етілді, іркілістер болған жоқ», - деп атап өтті Ержан Бабақұмаров.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23

17:22

17:12

16:50

16:00