Ертіс өңірінің тұрғындары 44 ауыл әкімін сайлайды

Ертіс өңірінің тұрғындары 44 ауыл әкімін сайлайды
24 kz

Дауыс беру шаралары 139 елді мекенде өтуде.

Облыстық сайлау комиссиясының мәліметінше, аймақта 52 мыңнан астам дауыс беруші бар. 168 азамат әкім болуға ниет білдіріп, кандидатурасын ұсынған. Олардың барлығы жоғары білімді. Басым бөлігі педагогика, экономика, инженерия саласының мамандары.

Сайлау науқаны қалыпты өтіп жатыр. Комиссия мүшелері мен бақылаушылар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға баса назар аударған.