Ертең Үкімет отырысы өтеді

Ертең Үкімет отырысы өтеді
Сурет: Еrnur.kz/

Жиында қаралатын мәселенің бірі – 2021 жылғы ұлттық халық санағының аяқталуы.

Сәрсенбі күні, 10 қарашада, сағат 09:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Күн тәртібінде: Санитариялық-эпидемиологиялық жағдай; 2021 жылғы қаңтар-қазан айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы; Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2022 жылға арналған жоспарының жобасы; 2021 жылғы ұлттық халық санағының аяқталуы.